«Біз ставкалардың деңгейіне сәл түзету енгіздік», — деді Б. Сұлтанов.
«Айталық, жылжымайтын мүліктің құны 120 млн теңгеден жоғары болса ставка — 1%, 50 млн теңгеден 120 млн теңгеге дейін болса ставка — 0,75%», -деді ол.
«Бұл мәселені жұмыс тобында көп талқыладық. Жылжымайтын мүліктерді басқаратын қауымдастықтар тарапынан сұрақ жиі туындады. Салық кодексінің жобасын жасап аяқтау сатысында шешім қабылданды. Біз тиімді шешім қабылдадық деп санаймыз», — деді Б. Сұлтанов.
Бұған дейін үкімет құны 30 млн теңгеден бастап қымбат мүліктің салық ставкаларын 0,5-тен 1%-ға дейін көтеруді ұсынған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті