Жарияланды: 730

Қазақстан үкіметі жеке тұлғалардың қымбат мүлкіне салынатын салық ставкаларын көтеруді ұсынады

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметі жеке тұлғалардың қымбат мүлкіне салынатын салық ставкаларын көтеруді ұсынады. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша Салық кодексінде жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемесін заңдастыру, сондай-ақ, құны 30 млн теңгеден бастап қымбат мүліктің салық ставкаларын 0,5-тен 1%-ға дейін көтеру ұсынылған. Бұл өзгерістер қымбат мүлікке мейлінше толыққанды салық салуға және жеке тұлғаларға салық салуға артықша прогрессивтілік сипат беруге көмектеседі", -деді Б. Сұлтанов. Жаңа Салық кодексінде сонымен бірге мүлік салығын жинау тәртіптері өзгертіледі. Салық салу нысанын барлық мүліктен жылжымайтын мүлікке дейін азайту, осы орайда жергілікті бюджеттердің кірісін азайтпау үшін оның ставкасын 1-ден 2%-ға дейін ұлғайту ұсынылған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть