Жарияланды: 490

Қазақстан үкіметінде салық салу мәселелері бойынша консультативтік кеңес құрылады

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкіметінде салық салу мәселелері бойынша консультативтік кеңес құрылады. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Кодекс жобасында жаңа әрі тұрақты жұмыс істейтін консультациялық- кеңес органы - салық салу мәселелері жөніндегі консультациялық кеңес құру көзделген. Кеңеске кәсіпкерлердің бірлестіктері мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен 15-тен кем емес адам мүше болмақ. Консультациялық кеңесті үкімет басшысы басқарады. "Кеңестің жоғары мәртебесі салық бойынша міндеттемелерді орындау барысында пайда болатын қарама-қайшылықтарды, нақты емес және айқын емес дүниелерді шұғыл шешіп отыруға және салық төлеуден жалтаруға жол ашатын схемалардың алдын алуға мүмкіндік береді ", - деді министр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть