Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 70 млн. теңгенің азық-түлігін жөнелтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 70 млн. теңгенің азық-түлігін жөнелтеді

Қазақстан Украинаға гуманитарлық көмек ретінде 70 млн. теңгенің азық-түлігін жөнелтеді

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек жолдау туралы шешімін орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаржылық және материалдық ресурстар бөлді, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

  • 23 Желтоқсан 2014
  • 599
Фото - Caravan.kz


2014 жылы 6 қазанда ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинаның гуманитарлық қажеттіліктері үшін Қызыл кресттің Халықаралық комитетіне 30 мың АҚШ долларын Қазақстанның мүшелік жарнасын төлеу бойынша тиісті үрдісін аяқтады.

2014 жылы 19 желтоқсан күні "Украинаның оңтүстік-шығыс аймақтарына гуманитарлық көмек көрсету туралы" ҚР Үкіметінің Қаулысы қабылданды. Қаулыға сәйкес, еліміздің мемлекеттік материалдық резервінен жалпы соммасы 69 727 875 тенгені құрайтын азық-түлік Украинаға жолданатын болады.