«Ұлттық БАҚ-тарды одан әрі қолдау жөнінде біздің нақты жоспарларымыз бар», — деді министр. «Біз бұл мақсатқа бөлінген бюджет шеңберінде 6-7% өсімді қарастырмақпыз», — деді ол.
«Тұтастай алғанда Қазақстан халқының тілдеріндегі баспасөзді қолдау жалпымемлекеттік ішкі саясаттағы басымдықтарға жатқызылып, парапарлықты нығайтуға бағытталуы тиіс», — деді Е.Ертісбаев.
Оның айтуынша, ұлттық БАҚ-тарға бөлінген мемлекеттік ақпараттық тапсырыс қаржысының көлемі ағымдағы жылы 36 млн. теңге болды, ал 2005 жылы ол 19 млн теңгеге жеткен. «Яғни, қаржы көлемі екі жылда шамамен екі есе өсті», — деді министр. «Алдағы уақытта да бұл көлем арта түседі, ол сапаны көтеруге септігін тигізетіні анық», -деді ол.
Сонымен бірге, Е.Ертісбаевтың атап көрсетуінше, «БАҚ-тың бұл бөлігінің бәсекелестік қабілеті, таралымы мен таралу мәселелері бірінші кезекте нарықтың ауқымына, қарапайым тілмен айтқанда, сұранысқа байланысты» болмақ. «Бұны міндетті түрде ескеру керек», — деді ол.
«Бұқаралық ақпарат қүұралдары нарығындағы ахуалды нарық реттеуге тиіс», — деді министр.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, еліміздің ақпараттық нарығында 13 тілде ақпарат тарататын БАҚ бар. Қазақ және орыс тілдеріндегі БАҚ-тар жетекші орында. Мәселен, еліміздегі барлық 2,5 мың БАҚ-тың 469-ы қазақ тілінде, 856 -сы орыс тілінде, 879-ы орыс және қазақ тілдерінде хабар таратып, жарық көреді. Қазақстанда этникалық топтардың тілдерінде 28 басылым шығады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті