Қазақстан үшін 2008 жылдың бірінші жартысында Өзбекстан газының бағасы күрт өзгертілмейді - Мыңбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үшін 2008 жылдың бірінші жартысында Өзбекстан газының бағасы күрт өзгертілмейді - Мыңбаев

Қазақстан үшін 2008 жылдың бірінші жартысында Өзбекстан газының бағасы күрт өзгертілмейді - Мыңбаев

Астана. 25 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үшін Өзбекстаннан жеткізіліп жатқан газдың бағасы 2008 жылдың бірінші жартысында күрт өзгертілмейді. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысында ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев хабарлады.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 435
Фото - Caravan.kz

«Менің пікірімше, алдағы жылдың бірінші жартысында баға жағынан күрт өзгерістер (Қазақстанға жіберілетін Өзбекстан газының құны) болмайды», — деді С. Мыңбаев.

«Тиісті келісімдерге қол жеткізілгендіктен, электр қуатына байланысты уағдаласқан тарифтер сол деңгейде қалады», — деп атап өтті ол.

Министрдің айтуынша, осы кезге дейін табиғи газ мәселесі бойынша «тәуекел жоғары болатын. Өйткені өзбекстан жағы 1000 текше метр көгілдір отынның құнын $185 деңгейінде белгілемек болған». «Ал жуырда ғана принциптік келісімге қол жеткізіліп, енді оның қорытынды мәтіні Ташкентте қаралып жатыр » деп айтты С. Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті