Қазақстан үстіміздегі жылы 10 млн тоннадан астам астық экспорттай алады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан үстіміздегі жылы 10 млн тоннадан астам астық экспорттай алады

Қазақстан үстіміздегі жылы 10 млн тоннадан астам астық экспорттай алады

Астана. 2-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ауылшаруашылық министрінің пайымдауынша, Қазақстан үстіміздегі жылы 10 млн тоннадан астам астық экспорттай алады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 2 Қазан 2007
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Үстіміздегі жылы 9 млн тоннадан көп болады. Бізде еліміздің ішкі мұқтаждығы — 9 млн тонна, ал біз 22 млн тонна астық жинадық, сондықтан да кем дегенде 10 млн тоннаны экспортқа шығару керек, деп ойлаймын»,- деп мәлім етті парламенттің сейсенбіде өткен селекторлық жиналысында ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімов.

Ол, үстіміздегі жылғы астық өнімі рекорттық көрсеткішке жетті, деп атап өтті. «Биыл біз 22 млн тонна астық жинадық. Мұндай ешқашан болмаған, бұл рекордтық жылдардан 4 млн тоннаға көп»,- деп атап өтті А. Есімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті