Жарияланды: 370

Қазақстан заңнамасының кейбір нормалары электрондық сауданы дамытуға кедергі келтіруде

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан заңнамасының кейбір нормалары электрондық сауданы дамытуға кедергі келтіруде. Бұл туралы 12-13 қыркүйекте Қырғызстанда өткен Қазақстан қор биржасының қаржы нарығы бойынша ІІ жыл сайынғы конференциясының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында кқ қор биржасының вице-президенті Болат Бабенов мәлім етті,деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Өкінішке орай біздің нормативтік база электронды құжат айналымын дамытуға қолайлы жағдай жасай алмай отыр. Ал бағалы қағаздар нарығын дамуы мен технологиялардың дамуы электронды құжат айналымына, сандық қол қоюға, жалпы сандық технолгияларға көшу қажеттігін бұйыруда", -деді Б. Бабенов. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін