Жарияланды: 530

Қазақстан және Өзбекстан арасындағы халықаралық қатынасты дамыту мәселелерін қарастыратын хаттама заңмен бекітіледі

Қазақстан және Өзбекстан үкіметтері арасындағы халықаралық қатынасты дамытуға, Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарлар мен жануарларды өткізу тәртібі жетілдіріледі.

Осыған негіз болған хаттаманы Мәжіліс депутаттары заң түрінде бекіту мәселесін қарайды. Ертең, 29 маусым күні, Мәжілістің жалпы отырысында «2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасы талқыға шығарылады. Аталған хаттама 2006 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында жасалған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін