Жарияланды: 460

Қазақстан және Қырғызстан басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Астана. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Шолпан-Атада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, биылғы жылдың сәуір айында екі елдің Жоғарғы мемлекетаралық кеңесінің ІІ отырысында қабылданған шешімдерді жүзеге асыру барысын талқылады. Қазақстанның 1 шілдеден бастап Қырғызстан азаматтары үшін Қазақстанда ішкі істер органдарында тіркеусіз жүру мерзімін 90 тәулікке дейін ұзартқаны атап көрсетілді. Еңбек миграциясының саласындағы басқа да мәселелердің шешімін табу жұмыстары жалғастырылады. Өзара тауар айналымы өсіп келеді. Оның көлемі 2008 жылдың қаңтар - маусымында 280 млн АҚШ долларын құрады. Бұл 2007 жылғы көрсеткіштен 26 пайызға артық. "Біз тауар айналымын 1 миллиард АҚШ долларына дейін өсірмек ниеттеміз", - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Қырғызстанның мемлекеттік қорын қамтамасыз ету үшін азық-түлік бидайының 40 мың тоннасын жеткізу мәселесі жақын арада оң шешімін таппақ. Сондай-ақ, мемлекет басшылары екі бауырлас мемлекеттің өзара стратегиялық ықпалдастығын әрі қарай нығайту және сауда-экономикалық байланыстарды жан-жақты кеңейту мәселелеріне қолдау білдірді. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін