Биылғы жылы жүргізілген зерттеулерге сүйенсек, бұл елдегі жемқорлық деңгейінің былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда біршама артқанын көрсетеді. Қазақстанмен бірдей нәтиже көрсеткен Гондурас та 140-шы орында.
Дегенмен, Орталық Азиядағы бес мемлекетке қарағанда Қазақстанның жағдайы көш ілгері. Ал, Грузия, Армения мен Ресейде бізге қарағанда жемқорлық қылмыстар аз жасалады екен.
Ал, қоғамды жемқорлық дерті жайламаған елдер қатарында Дания, Жаңа Зеландия мен Финляндия бар. 177 мемлекет қамтылған индексте ең нашар көрсеткіш Ауғанстан, Солтүстік Корея мен Сомалидің еншісінде. Олар 175-ші орында.