Жарияланды: 570

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ауру қағазын төлеу жәрдемақысы ұлғайтылады

Алматы. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап ауру қағазын төлеу жәрдемақысы ұлғайтылады. 10 АЕК шектеуі 15 АЕК-ке өзгертіледі. ҚР кәсіподақ өкілдерімен өткен кездесуде ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов осындай шешім қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бюджеттік сала қызметкерлерінің кәсіподақтарының еңбекақыны көтеру, базалық лауазымдық айлықты ең төменгі айлық жалақыға алмастыру, еңбекақы төлеудің ең төменгі стандарттарын енгізу және ауырғаны немесе ауыратыны жөніндегі қағаз бойынша төленетін жәрдемақыны арттыру бойынша үкіметке жолдаған үндеулерінде көтерілген мәселелер күн тәртібіне шығарылды. Бюджеттік сала қызметкерлеріне айлық жалақыны көтеруге қатысты мемлекеттік орган өкілдері оның мемлекеттік бюджеттің мүмкіндігіне орай және мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес жүргізілетіні жөнінде түсініктеме берді. Атап айтқанда, 2009 - 2011 жылдарға арналған үш жылдық бюджетте бюджеттік қызметкерлерге төленетін еңбекақаны 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 пайызға, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап тағы 25 пайызға және 2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап 30 пайызға ұлғайтылатыны есепке алынады. Отырыс нәтижесі бойынша, ҚР премьер-министрі бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақы жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының аясында салалық министрліктерге кәсіподақтармен жүргізіліп жатқан бірлескен жұмыстарды жалғастыруды және олар көтерген еңбекақы төлеуді жетілдіру мәселелерін пысықтауды тапсырды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін