Жарияланды: 870

"Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға вакцина егеді": Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді

"Қазақстанда 12 жастан асқан балаларға вакцина егеді": Алматы облысының әкімдігі түсініктеме берді

Әлеуметтік желіде мектеп директорларына жолданған құжат таралды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов оңтүстік өңірлердегі мектептерде балаларды коронавирустық инфекциядан вакцинациялау үшін тізім жасалып жатыр деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде Қызылорда облысы Жалағаш ауданының білім бөлімінің басшысы қол қойған және мектеп директорларына жолданған құжат пайда болды. Онда 12 жастан асқан балаларды коронавирусқа қарсы егу жоспарлары туралы хабарланған және 9 қыркүйекке дейін қажетті тізімдерді ұсыну туралы бұйрық берілген.

Байжұманов бұл ақпарат жалған екенін атап өтті. Оның айтуынша, балаларды вакцинациялау мәселесі шешілмеген.

“Біз ата-аналар арасында ешқандай сауалнама жүргізбейміз, олардан балалар туралы ешқандай деректер жинамаймыз. Бұл қағаз Қызылорда облысында шықты. Менің ойымша, бұл жалған ақпарат, себебі ол расталмады, - деді ол.

Сөзінше, егер балаларға вакцина егетін болса, онда бір аймақ төңірегінде емес, бүкіл республика бойынша вакцинациялау процесі жүргізілер еді. Әзірге бұл мәселе қарастырылып жатқан жоқ.

Қазақстанда балалар мен жүкті әйелдерді Pfizer препаратымен вакцинациялау жоспарлануда. Бұл вакцина қазан айында жеткізіледі деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін