Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкеннен кейін баламалы оқулықтарға қойылатын талап күшейтіледі - ҚР білім және ғылым министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкеннен кейін баламалы оқулықтарға қойылатын талап күшейтіледі -  ҚР білім және ғылым министрі

Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкеннен кейін баламалы оқулықтарға қойылатын талап күшейтіледі - ҚР білім және ғылым министрі

Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкеннен кейін баламалы оқулықтарға қойылатын талап күшейтіледі. Бұл туралы бүгін, 26-наурызда Азия даму банкінің "Білім беру саласын дамыту стратегиясы" атты жобасы бойынша өткізілген қорытынды конференцияда ҚР білім және ғылым министрі Жақсыбек Күлекеев хабарлады.

  • 26 Наурыз 2004
  • 776
Фото - Caravan.kz

«Мейлі қазақ, мейлі орыс болсын, кез-келген білім ошағындағы оқыту жұмыстары біртұтас бағдарлама бойынша жүргізілуі тиіс. Бірақ бұл балалар бірдей оқулықпен оқытылсын дегенді білдірмейді»,- деді министр.

Ж.Күлекеев осы орайда былай деді: «Біз баламалы оқулық деген ұғымды қолданысқа енгіздік. Балалар түрлі оқулықтармен білім игеруге мүмкіндік алуы тиіс. Қазіргі таңда мектептерді компьютермен жабдықтау жұмыстары аяқталып келеді. Бүгінде біртұтас дерекқор құрылып, оқыту материалдарының біртұтас мәліметтер жинағын жасалуда. Сондай-ақ, біз электронды оқулықтар мен мультимедийлік білім беру құралдарын жасауды қолға ала бастадық. Нәтижесінде, балалар сан алуан баламалы көздерден білім нәрімен сусындау мүмкіндігіне ие болды».
«Ал Ресейлік ұстаздар мен ғалымдардың қолынан шыққан оқулықтарды пайдалану мәселесіне келсек, біз оларды 30 процентке жуық қайтадан өңдеп, еліміздегі білім беру жүйесіне бейімдейтін боламыз. Осыдан кейін ғана ондай оқулықтарды оқушылар пайдалана алады»,- деді білім және ғылым министрі.

Соңғы жаңалықтар