Қазақстанда 13 млн тоннадан астам астық бастырылды - ҚР АШМ
Астана. 12 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылдың 11 қыркүйегіндегі жағдаймен 13 млн 418,1 мың тоннаастық бастырылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің егін шаруашылығы және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментіне сілтеме жасап. |
Өткен жылдың осы мерзімінде 13 млн 285,2 мың тонна астық бастырылған.
Мекеменің нақтылауынша, аталған мерзімде егіс алқаптарының 80,8% астық орылды ( 2007 жылы - 67,3%). Орташа шығымдылық бір гектардан 10,6 центнер (2007 жылы - 13 центнер) құрады.
Атап айтсақ, Қостанай облысында 4 млн 513,4 мың тонна ( егіс алқаптарының 88,1%), СҚО - 3 млн 753,8 мың тонна (78,7%), Ақмола облысында - 2 млн 789,3 мың тонна (79,9%) астық бастырылды.
ҚР АШМ мәліметінше, жалпы алғанда 2008 жылы егіс алқаптарының көлемі 16 млн 188,9 мың гектар болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін