Жарияланды: 340

Қазақстанда 20 кәсіпорын құрылады

Алдағы екі-үш жыл ішінде Қазақстандағы испан иновестициялардың көлемі бірнеше миллиард еуроға дейін жетуі тиіс.

Бұл туралы бүгін Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесінің II отырысында кеңестің тең төрағасы, «Самұрық - Қазына» қорының басқарушы директоры Нұрдан Байдәулетов мәлім етті. «Болжам бойынша алдағы екі-үш жылда Испания Қазақстанның экономикасына бірнеше миллиард еуро салып, нақты 20 кәсіпорын құрылады», - деп атап көрсетті Н.Байдәулетов. Айта кетейік, бүгінде Испания әлемдегі ірі инвесторлардың бірі болып саналады. Латын Америка және АҚШ-та ол үздік ондыққа кіреді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін