Атап айтқанда, ҚР қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметовтың мәлімдегеніндей, 7-желтоқсандағы жағдай бойынша салық органдарына жалпы сомасы 3 млрд.733 теңгеге 26 255 өтініш келіп түскен. Қазіргі кезде 24 788 өтініш бойынша 3млрд.441 теңгеге мүлік заңдастырылды.
Оның айтуынша түсіп жатқан өтініштер саны ұлғайуда. «Егер осыдан бір ай бұрын күніне орташа алғанда салық органдарына 317 өтініштен түссе, бүгінде күн сайын 1,4 мыңнан астам өтініш беріледі»,- деді Н.Рахметов.
Сонымен қатар, 394 677 өтініш мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссияға келіп түскен, 76 836 нысан заңдастырылды, 2,5 нысан жылжымайтын мүлік орталығында тіркеуге алынған. Әділет вице министрі Дулат Құсдәулетовтың айтуынша, «заңдастырылған нысандардың жалпы сомасы 16 млрд. 568
млн. теңгені құрады».
Сондай ақ, әділет вице-министрі мүлікті заңдастыру жөніндегі аймақтық комиссиялардың жұмыстарына көңілі толмайтындығын білдірді. «Күн сайын комиссия әрекеттеріне шағымданушылар саны артып барады. Мүлікті заңдастыруды қабыл алмау туралы шешім шығарғанда, комиссия оның себебін түсіндіріп жатпайды, заң ережелеріне сілтеме жасау деген жоқ»,-дейді Д.Құсдәулетов. «Аталған мәселе бойынша шара қолданылып, мүлікті заңдастыру ережелеріне өзгертулер енгізілді. Енді соған сәйкес, мүлікті заңдастыруды қабыл алмау тек заңмен негізделуі тиіс»,-деді вице министр.