«2007 жылы бәсекелестікті қорғау комитеті электр энергетикасы, көлік, цемент өндіру және сату, фармацевтикалық іс-қызмет салаларындағы нарық субъектілерінің іс-қызметіне 228 тексеру жүргізіп, 485 нұсқама шығарған»,- деді Ғ. Оразбақов.
«Оның ішінде монополияға қарсы заңды бұзғаны үшін мемлекеттік бюджетке монополиялық кірістен 26 млрд теңге көлемінде қаржы бөлу туралы нұсқама шығарылған»,- деп нақтылап өтті ол.
«Атап айтқанда, тексеру барысында Шығыс Қазақстан облысының қуат шығарушы ұйымдарының ымыраласа әрекет етуі, ұйымдардың аффилиирлік байланысы , басымдық ахуалын теріс пайдалану сияқты деректер анықталған»,- деп еске сала кетті индустрия және сауда министрі.
Министр, 3 млрд теңгеге қатысты сот шешімі заңды күшіне еніп, сот атқарушыларының орындауына жіберілгендігін түсіндіріп өтті.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті