«Менің пікірімше, биылғы жылы пессимистіктен гөрі, реалистік сценарий іске асырылады. Оған мұнай, металл, бидай сияқты негізгі экспорттық шикізаттарымыздың жоғары құны себепші болып отыр. Жалпы макроэкономикалық көрсеткіштер қолайлы болады», — деді ол.
Сәйденов атап өткеніндей, 2008 жылы экономикалық өсім 5-7 пайызға дейін тежеледі.»Бұл соңғы 6 жылмен салыстырғанда біршама төмен деңгей», — деп атап өтті бас банкир.
Ұлттық банк басшысының сөздері бойынша, экономикалық даму көрсеткіштерінің төмендеуіне «халықаралық қаржы нарығындағы жағдай әсер етуде». «Бұл өз кезегінде, қазақ банктерінің сыртқы нарықтан қарыз алу мүмкіндігін азайтып, нақты нарықтың экономикалық белсенділігінің төмендеуіне әкеп соқтырды», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті