Қазақстанда 2008 жылы жылдық орташа инфляция шамамен 16% құрайды - Сұлтанов
Астана. 11 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 2008 жылы жылдық орташа инфляция шамамен 16% құрайды. Бұл туралы бүгін еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Қандай жағдайда да жылдық орташа инфляция шамамен 16% құрайды, өйткені, өткен жылы баға ауытқулары болды, ал жылдық инфляцияны біз 10% деңгейінде ұстайтын боламыз. Бұл - қиын мақсат, дегенмен, оны жүзеге асыруға болады, ол -біздің міндет", -деді Б. Сұлтанов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін