Қазақстанда 2013 жылдың басынан бері жалақы бойынша 7,2 млрд теңге қарыз ақша төленді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2013 жылдың басынан бері жалақы бойынша 7,2 млрд теңге қарыз ақша төленді

Қазақстанда 2013 жылдың басынан бері жалақы бойынша 7,2 млрд теңге қарыз ақша төленді

Қазақстанның прокуратура органдары 2013 жылдың басынан бері жүз мыңнан аса қызметкерге жалақы қарызының төленуіне қол жеткізді, деп хабарлады Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

  • 27 Қараша 2013
  • 383
Фото - Caravan.kz

"Жылдың басынан бері азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы прокуратура органдары 18 қылмыстық іс қозғады, 2,7 мың қадағалау актісі енгізілді, оларға орай әр түрлі жауапқа 2 422 тұлға тартылды, 201 мың қызметкерге жалақы бойынша 7,2 млрд теңге қарыз ақшаның өтелуі қамтамасыз етілді", деді ол сәрсенбіде Астанада баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, қазір 8 мың қызметкерге төленбеген жалақы бойынша қарыз ақша 1,1 млрд теңге.


Ол атап өткендей, бұл жалпы сомадағы 512,1 млн теңге банкротқа ұшыраған кәсіпорындарға тиесілі.