Қазақстанда 2014 жылы сатылатын көлік көлемі қаншаға артады - болжам - kaz.caravan.kz
  • $ 467.41
  • 533.88
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2014 жылы сатылатын көлік көлемі қаншаға артады - болжам

Қазақстанда 2014 жылы сатылатын көлік көлемі қаншаға артады - болжам

2014 жылы Қазақстанда 215-230 мың бірлік көлік сатылады, деп санайды көлік рыногының сарапшылары.

  • 27 Желтоқсан 2013
  • 743
Фото - Caravan.kz

2013 жылдың нәтижелері бойынша 160 мың бірлік көлік сатылады деп көзделген. Қазақстандық автобизнес қауымдастығының деректеріне қарағанда, биылғы жылдың 11 айы ішінде автодилерлер 150 мың 64 бірлік көлік сатқан.

"Астана Моторстың" маркетинг жөніндегі директоры Анар Мақашеваның болжамынша, 2014 жылы көлік 37% көп сатылады, 220 мың көлікке дейін.

2014 жылы "Астана Моторс" 31 мың көлік сатпақ, өткен жылмен салыстырғанда сатылым көлемін 49% арттырмақ. 2013 жылға белгіленген жоспар 21 мың көліктен асатын", деді А.Макашева.


"Азия Авто" АҚ президенті Ерік Сағымбаев 20014 жылы 220-230 мың көлік сатылады деп санайды.