Қазақстанда 26 мыңнан астам балаға вакцина салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 26 мыңнан астам балаға вакцина салынды

Қазақстанда 26 мыңнан астам балаға вакцина салынды

Вакцина 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер

  • 23 Қараша 2021
  • 25
Фото - Caravan.kz

 Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Pfizer вакцинасын қанша адам салдырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап. 

Министр Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасының 645 мың дозасы келгенін атап өтті.

"Бүгінде вакцина алатын топтағы 35 012 адамға екпе егілді. Оның 26 354-і бала, 8 658-і жүкті және бала емізетін әйелдер", — деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, вакцина апта сайын жеткізіледі.


Сондай-ақ ол халықты коронавирусқа қарсы вакциналау науқаны жалғасып жатқанын да айтты.

Қазіргі таңда 1-компонентті 8,7 миллионға жуық адам алса, екінші компонент 7,9 миллионнан астам адамға салынған. Жалпы халық санының 42,2%-і вакцинаның екі дозасын салғызды.