Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды

Қазақстанда 34 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды

Жылдың басынан бері 15 млннан астам қоңырау бұғатталған. 

  • 1 Маусым 2023
  • 46
Фото - Caravan.kz


Өткен жылы полиция қызметкерлері  алаяқтық қоңырауға байланысты 3600 қылмысты анықтады деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Соңғы жылдары банк қызметкерлерінің атынан жасалған телефон алаяқтықтары жиілеп кетті. Қылмыскерлер көбіне нөмірді ауыстыру қызметін пайдаланады.  Осыған байланысты ІІМ оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, “Ксеll”, “КаР-Тел”, “Altel” және “Теle2” ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорларын біріктіруді ұйымдастырды. Қабылданған техникалық шаралар қазақстандық абоненттік нөмірлерге халықаралық трафик арқылы өтетін фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттауға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өткен жылдың 6 айында 19 млн алаяқтық қоңырау бұғатталды, ал ағымдағы жылдың басынан бері анықталған қоңыраулар 15 млннан асады", — делінген ІІМ таратқан ақпаратта.
 

Соңғы жаңалықтар