Қазақстанда 5-қазаннан бастап қалааралық кодтарды терудің бұрынғы реті тоқтатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 5-қазаннан бастап қалааралық кодтарды терудің бұрынғы реті тоқтатылады

Қазақстанда 5-қазаннан бастап қалааралық кодтарды терудің бұрынғы реті тоқтатылады

Астана. 4-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 5-қазаннан бастап қалааралық кодтарды терудің бұрынғы тәртібі тоқтатылады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Қазақтелеком" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 4 Қазан 2007
  • 528
Фото - Caravan.kz

«Қазақтелекомның» ақпараттарына сүйенсек, 5-қазанға дейін қалааралық кодтарды «3» және «7» сандары арқылы теру мүмкіндігі қатар жүрген. «2007 жылдың 5-қазанынан бастап Қазақстан бойынша телефон кодтарын тек «жетілікпен» ғана теруге болады. Яғни, мысалы Астана қаласына қоңырау шалу үшін бұрындары «8-3172- абонент нөмірі» терілсе, енді «8 — 7172- абонент нөмірін» тереміз. Және де Алматының коды енді 327(2) емес, 727(2) болады»,- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Естеріңізге сала кетейік, 2007 жылдың 5-тамызында Қазақстанның барлық қалалары мен облыс орталықтары кодтарының бірінші саны өзгерген болатын, дәлірек айтсақ кодтардың бастапқы «3» саны — «7-ге» ауыстырылып, қалған екі саны өзгеріссіз қалған болатын.

Облыс ішіндегі қоңырау шалу кодтары да өзгерген. Мысалы бұрын Қаскелеңнен Қапшағайға (Алматы облысы) қоңырау шалу үшін «8-272-абонент нөмірін» терсек, 5-тамыздан бастап «8-727-72-абнент нөмірін» теру қажет.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті