Қазақстанда 9 қыркүйекте үлестік құрылыс мәселесі бойынша интернет-конференция жүргізіле бастайды
Астана. 18 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда 9 қыркүйекте үлестік құрылыс мәселесі бойынша интернет-конференция жүргізіле бастайды. Бұл туралы ҚР Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Конференция регламенті бойынша үлескер өз сұрағын электронды үкіметтің порталына жолдайды, электронды үкіметтің порталы оны модераторға жібереді, модератор бұл сұрақты жауапты мемлекеттік органға жолдайды", - деді Қ. Есекеев.
"Интернет-конференцияға қатысушының өзі айқындайтын жауапты мемлекеттік орган жауабын жазып, электрондық сандық тәсілмей қол қойып, оны порталға жібереді, үлескер оны осы порталдан алады. Мемлекеттік органдар кез-келген сауалға 10 күнде жауап беруге тиіс", - деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін