16 аэродромды салуға және ретке келтіруге республикалық бюджеттен шамамен 12 млрд теңге бөлінетін болады, деп хабарлады көлік министрлігінің азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев.
С.Мұхтыбаевтың айтуына қарағанда, бұл мақсат үшін 7,5 млрд теңге жеке меншік инвестиция тарту да ойда бар.
Аэродромдарды салу және қайта құру жұмыстарын 2015-2020 жылдары орындау көзделген.
Екінші кезеңде, яғни 2017-2020 жылдары отандық әуе компанияларды ынталандыру арқылы шағын авиация сегментінде әуе қызметтерін дамытуға жағдай жасалмақ.
Алдында хабарланғандай, Қазақстанда аудан және облыстар деңгейінде жергілікті әуе қатынасы желісін дамыту көзделіп отыр.