Қазақстанда ағымдағы жылы жем дайындау қарқыны өткен жылғыдан төмен - Ауылшаруашылығы министрлігі
Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда ағымдағы жылы жем дайындау қарқыны өткен жылғыдан төмен. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Жалпы республика бойынша жем дайындау қарқыны қуаңшылыққа және еркін нарықта дизельдік отын бағасының қымбаттауына байланысты өткен жылғыдан төмен", - деді А. Күрішбаев.
Қазір барлық облыста жем дайындалуда. "Бүгінгі күні 9,2 млн тонна шөп дайындалған, бұл жоспардың 72% -ына тең, 125 мың тонна пішен дайындалды, бұл жоспардың 12%", - деді ол.
Министрдің айтуынша, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар және Қызылорда облыстарында жем дайындау қарқыны төмен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін