Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің бағасы 99 теңгеге дейін арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің бағасы 99 теңгеге дейін арзандады

Қазақстанда Аи-92/93 бензинінің бағасы 99 теңгеге дейін арзандады

Бүгін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің сайтында (energo.gov.kz) «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға белгілеу туралы» ҚР Энергетика министрінің №67 бұйрығы жарияланды.

  • 11 Ақпан 2015
  • 388
Фото - Caravan.kz

Құжатта: «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі заңының 7-бабының 15-тармақшасына, 9-бабы 2-тармағының 3-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1.  Бағаларына мемлекеттік реттеу бегіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті баға ҚҚС-ты есепке ала отырып, мынадай мөлшерде белгіленсін:

Дизель отыны — литріне 99 теңге;


Аи-80 — литріне 89 теңге;

Аи-92/93 — литріне 99 теңге», — деп жазылған.