«Біз қазір шешім қабылдадық, үкіметте мен басқаратын аймақтық саясат жөнінде ведомствоаралық комиссия жұмыс істейді. Енді осы мәселе бойынша аймақтарға қатысты барлық жобалар осы ведомствоаралық комиссияда түйісетін болады», — деп Б.Сағынтаев бүгін Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің алқа отырысында атап көрсетті.
Оның айтуынша, комиссия аймақтардағы министрліктердің қызметінің үйлеспеуі салдарынан құрылған.
Комиссияның бірінші отырысы жақында өтпек.