Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Багама Мама» ЖШС құрған Д.Филатов тұрғындарды алдап, өзін ағылшынның «Baxter Vacations» демалыс клубының өкілімін деп таныстырған.
Іс материалдарына сүйенсек, ол шетелдік клубқа мүшелік рәсімдеуге уәде етіп, үш жылдық жалған сертификатты 3300 еуродан сатқан көрінеді. Күдіктінің айлакерлік әрекетнен бес адам зардап шегіпті.
Сот Д.Филатовты 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеу туралы шешім шығарды.
Одан зардап шегушілердің пайдасына 5 млн теңге өндіріп алынды.