«Қазақстанда алдағы 5 жылда 129 мамандық жойылады»: олардың қатарына қандай мамандықтар жатады? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстанда алдағы 5 жылда 129 мамандық жойылады»: олардың қатарына қандай мамандықтар жатады?

«Қазақстанда алдағы 5 жылда 129 мамандық жойылады»: олардың қатарына қандай мамандықтар жатады?

Парламент мәжілісінің депутаты Саясат Нұрбековтың болжамы бойынша Қазақстанда алдағы 5 жылда129 мамандық жойылады.

  • 19 Сәуiр 2022
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Олардың қатарына бухгалтерлер, учетчик пен қоймашылар (складовщик), өндірісте жүрген аккумуляторшылар, концентраторщиктер, кітапханашылар, заңгерлер, нотариат.

Оның айтуы бойынша, қазір бәрі автоматтандырылған жүйелерді көп қолданып жатыр. Бәрі автоматтандырылған жүйеге көшіп жатыр.

«Елімізде 4500 нотариус бар. Қазір Әділет министрілгі автоматтандырылған нотариус жүйесін енгізіп жатыр. Олар алдағы 4-5 жылда не заңгер, не юрисконсульт болуы керек. Сондықтан елімізде көп нотариус керек болмай қалады»- деді Парламент мәжілісінің депутаты.

Сонымен қатар, жойылатын мамандықтардың қатарына турагент, кредит менеджері, Web-сайт әкімшілер, Web-сайт әзірлеушілер жатады.


Сондай-ақ, аналитикалық қабілеттерді немесе дамыған қарым-қатынас дағдыларын қажет ететін жоғары білікті жұмыстар жойылады. Мысалы: қолдау қызметінің талдаушылар, жүйелер бойынша кеңесшілер, сандық ақпаратты өңдеу шеберлер, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді техникалық қолдау жөніндегі мамандар.

Соңғы жаңалықтар