Қазақстанда апта соңына қарай аяз күшейеді, дейді синоптиктер - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда апта соңына қарай аяз күшейеді, дейді синоптиктер

Қазақстанда апта соңына қарай аяз күшейеді, дейді синоптиктер

"Қазгидромет" апта соңына қарай Қазақстанда аяз күшейеді, ал оңтүстік аймақтарда климаттық нормадан 8-13 градус төмен болады деп болжам келтіруде.

  • 12 Ақпан 2014
  • 390
Фото - Caravan.kz

13 пен 15 ақпанда тек елдің батыс аймақтарында Ресейдің еуропалық бөлігінен жылы және ылғалды ауа массасының келуіне байланысты ауа температурасы жоғарылап, аздаған қар түседі.

Еліміздің басым бөлігінде ауа-райы антициклон әсерінен жылына қоймайды. Тек 13 ақпанда аяз аздап бәсеңдейді.

Алайда арктикалық ауа массасының ойысуына байланысты Қазақстан аумағында аяз қайта күшейіп, түнде солтүстікте, орталықта және шығыста күн 30-38 градус, оңтүстік пен оңтүстік шығыста -23-32 болады.