Қазақстанда апта соңында қатты аяз болады деп болжануда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда апта соңында қатты аяз болады деп болжануда

Қазақстанда апта соңында қатты аяз болады деп болжануда

"Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан аймақтарында алдағы күндері күрт күн суытатынын ескертті.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 527
Фото - Caravan.kz


Ауа райын болжау мамандарының мәліметі бойынша, 23-25 қаңтар күндері Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарында ауа температурасы -20-25, кей жерлерде -29-34 дейін төмендетеді.
22 қаңтарда, 23 қаңтар түнде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, ал 22-24 қаңтарда Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында қар жауады, бұрқасын болып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. 23-27 қаңтарда бұл аймақтарда ауа температурасы түнде -22-27, кей жерлерде 38 градусқа дейін төмендейді.
24 қаңтар Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл облыстарында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады, тұман түсіп, көктайғақ болады. 24-27 қаңтарда -3-8, кей жерлерде -15-20 градус, -13-18, -23-28 градус аяз болады.
Қызылорда облысында 24-26 қаңтарда түнде -17-22 градус, кей жерлерде -25-30 аяз болады.