«Ешқандай реформа, ешқандай деноминация жүргізілмейді, оны жүргізу жоспарланған да емес деп Ұлттық банк ресми түрде мәлімдейді», — деді Д. Акишев.
«Ұлттық валютамыздың қазіргі бар банкноттары мен тиындарының номиналдық қатары ел экономикасындағы баға деңгейіне сәйкес келеді», — деді ол.
Д. Акишев осы орайда «қағаз ақшалардың жаңаша үлгісі тек былтыр ғана қолданысқа енгізілгенін» еске сала кетті.
«Бұл ақшалар айналымда жүргелі бір жыл өткен жоқ. Басқа елдердің тәжірибесіне жүгінсек, белгілі бір дизайндағы қолма-қол ақшаның айналымда жүретін мерзімі -кем дегенде 7 жыл», — деді Д. Акишев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті