Қазақстанда әскери кәсіби басқару корпусын құру керек - Н. Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда әскери кәсіби басқару корпусын құру керек - Н. Назарбаев

Қазақстанда әскери кәсіби басқару корпусын құру керек - Н. Назарбаев

Астана. 6 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев әскери кәсіби басқару корпусын құруға шақырды. Бұл туралы ол бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында халыққа жолдау арнау барысында мәлімдеді.

  • 6 Ақпан 2008
  • 584
Фото - Caravan.kz

«Бүгінгі қауіптерге төтеп беру үшін, қарулы күштердің кәсіби әскери басқару корпусын құру керек», — деді мемлекет басшысы.

«Мемлекеттік қарулы күштері алдында әскери дайындықты одан әрі жоғарлатып, жаңа әскери доктринаға сәйкес бәсекелестік қабілеттілікті көтеру міндеттері тұр», — деп есептейді ол.

«Өткен жылдары еліміздің қарулы күштері өзінің әскери және техникалық жағдайы жақсарып, сапасы көтерілді. Қазақстан армиясының әскери дайындығы мен жаңартылуы одан әріқарай жалғастырылады», — деп атап өтті Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті