«Болашақта біз шағын бидай өндірушілерінің басын біріктіретін астық пулын ұйымдастырып, сол арқылы бидайдың көлемін ұлғайтып, оны өзіміз шетелге экспорттайтын боламыз», — деді А. Күрішбаев.
Ол атап өткеніндей, «Мұндай міндет балашақта астық одағына жүктелетін болады».
Сондай-ақ, вице-министр еске салғанындай, биыл бидай экспортын лицензиялау тәртібі енгізілді.
«Біз бұл операцияны мейлінше ашық жасап, бір күндік фирмалардың болмауын және делдалдар қатарын азайтуға тырыстық «, — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті