«Бізде бірқатар шектеу енгізілді. Олар Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі тарапынан енгізіліп отыр. Бүгіннен бастап ет өнімдерін сатуға шектеу енгізілді. Бірінші кезекте бұл Австралиядан әкелінетін сиыр етіне қатысты», — деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Оның айтуынша, аталған елден жеткізілген ет санитарлық-эпидемиологиялық сараптамадан өтпей қалған.
«Онда адам денсаулығы үшін қауіпті тренболон ацетат препараты шекті деңгейден асып кетеді. Бұл өсім гормоны. Дәл осы көрсеткіш үшін аталған ет өнімдерін тасымалдауға шектеу енгізіліп отыр», — деді ол.
Айта кетейік, бүгін ҚР Тұтынушылар құқығын қорғау агенттігі «Қара Ангус еті» сауда атауымен жеткізілген сиырдың салқындатылған етін әкелуге және сатуға уақытша шектеу енгізілгенін жария еткен болатын.