Жарияланды: 2400

Қазақстанда азық-түлік бағасы төмендеді

Қазақстанда азық-түлік бағасы төмендеді

Үкімет отырысы барысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев азық-түлік өнімдеріне қатысты баяндама жасады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық банк төрағасы азық-түлік бағасының арзандауы байқалғанын айтты. Сонымен қатар, қажетті өнімдердің бағасы бірқалыпқа түсті.

"Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі ағымдағы жылғы тамызда 10,9%-тен 10,8%-ке дейін аздап баяулады. Ет және сүт өнімдері, жұмыртқа бағасының өсу қарқынының баяулауы байқалды", - дейді Досаев.

Досаев бағаның жылдық өсіміне тоқталды. Азық-түліктен басқа өнімдердің бағасына жылдық өсу сол қалпында сақталған.

"Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының жылдық өсуі 5,5% деңгейінде сақталды, ақылы қызметтерге бағаның жылдық өсуі ағымдағы жылғы тамызда 3,4%-тен ағымдағы жылы қыркүйекте 3,6%-ке дейін электр энергиясына және білім беру қызметтеріне тарифтердің өсуі аясында жеделдетілді", - дейді Досаев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін