Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылдың мамыр айында 28,3%-ға өсті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылдың мамыр айында 28,3%-ға өсті

Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылдың мамыр айында 28,3%-ға өсті

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы 2008 жылдың мамыр айында 28,3%-ға өсті, деп хабарлайды агенттік ҚР Статистика жөніндегі агенттігіне сілтеме жасап.

  • 3 Маусым 2008
  • 384
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, статистикалық агенттік мәліметінше, «2008 жылдың мамырында 2007 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда ұн бағасы 77,7%-ға, нан 45,1%-ға, жарма 14,3%-ға өсті».

Сонымен бірге, май мен тоң май бағасы 64,8%-ға, сүт өнімдері мен жұмыртқаның бағасы 33,6%-ға өсті. Жеміс бағасы 29%-ға, көкөністер 20,9%-ға, кондитерлік өнімдер 15%-ға қымбаттады, делінген агенттік хабарламасында.

«Ет және ет өнімдерінің бағасының өсімі аталған мерзімде 23,3%, балық және теңіз өнімдері 17,2% болды. Құс етінің бағасының деңгейі 30,3%-ға, жылқы еті 29,6%-ға, қой еті 21,6%-ға, шұжық өнімдері 20,6%-ға, шошқа еті 17,6%-ға өсті», -делінген мекеме хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті