Агенттік мәліметінше, «ұн бағасы 80,8%-ға, күріш бағасы 63,8%, нан 46,2%, жарма өнімдері 18,2%-ға өсті».
Сонымен бірге, май мен тоң май бағасы 67,7%, сүт өнімдері мен жұмыртқа 34,2%-ға өсті. Жеміс бағасы 29,1%, көкөніс — 20,5%, кондитерлік өнімдер — 15,7% қымбаттады, делінген хабарламада.
Агенттік ақпаратына сәйкес, «осы мерзімде ет және ет өнімдерінің бағасының өсімі 22,5%, балық және теңіз өнімдерінің өсімі 16,5% құрады. Құс етінің баға деңгейі 29,4%, жылқы еті — 28,8%, қой еті — 20,4%, шұжық өнімдері — 20,3%, шошқа еті — 19,3% қымбаттады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті