Қазақстанда азық-түлікке талондар енгізілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда азық-түлікке талондар енгізілуі мүмкін

Қазақстанда азық-түлікке талондар енгізілуі мүмкін

Қазақстанда азық-түлікке талондар енгізілмек. Олар әлеуметтік көмек карталары деп аталуы мүмкін.

  • 16 Қараша 2015
  • 936
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров аз қамтылған тұрғындарды қамтамасыз етудің өзге жолы жоқтығын алға тартты.

“Жыл сайын соңғы 5-6 жылда үкімет 1 сұрыпты нанның бағасын түсіру үшін шамамен 7-8 млрд теңге жұмсап келді. Кей жылдары 12-15 млрд теңге жұмсалды. Көмеқаржы көлемі қысқартылып, нан бағасы нарықтың бағасына жақындауы керек деген шешім қабылданды”, – дейді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков.

Бүгінде бұл қаражат ел бюджетінде қарастырылмаған. Бұған қоса депуататтар көмекқаржы есебінен бөлінген арзан ұнның жартысы қылмыстық жолмен Ресей мен Өзбекстанға кетіп жатқанын айтып дабыл қаққан.

Ал Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі болса, нан бағасы көтерілген жағдайда ең төменгі күнкөріс деңгейі де өзгеріп, әлеуметтік көмек алатындардың саны артатынын ескертті. Елімізде көмекке мұқтаждар саны бірден 2,5-3 миллион адамға көбейеді деп күтілуде.

Нан қашан да жағдайы төмендердің басты азығы болып келді. Ал ауқаттылар үшін оның қымбаттауы еш әсер етпейді.

Астық өңдеушілер мен наубайшылар одағының президенті Евгений Ган бұл жайтты шешу үшін арнайы талондар енгізілетініне сенімді.


“Нанды талондармен сатып алуды енгізу адрестік әлеуметтік көмек беру бағдарламасын іске қосудың алғашқы қадамы болады. Мен мұны аз қамтылған тұрғындарға әлеуметтік көмек карталары деп атайтын едім. Бұл карта бірден бірнеше қызмет атқаруы тиіс. Тек қана нан сатып алу емес, өзге де азық-түліктер, арзандатылған дәрі-дәрмектер, жолақысын және коммуналдық қызметті төлеуге де пайдаланылуы керек”, – дейді Евгений Ган.

Шенділер АҚШ пен Еуропа тәжірибесін қайталауға ұсыныс жасауда. Бұл елдерде әлеуметтік жәрдемақы алуға құқығы бар әр тұрғынның банкте жеке картасы бар. Оған үкімет ай сайын қажет тауарларын сатып алуы үшін қаражат салып отырады. Карта иегері ішімдік пен темекіден өзге кез-келген азық-түлікке төлем жасап, тіпті медициналық қызметті де карта қаражатынан ала алады.

“Бізге де осындай үлгіде әлеуметтік көмекті дамыту керек. Дағдарыстан туындайтын салдарларға алдын ала дайын болу керек. Жағдайы жоқтарға жәрдемақы беріп, наннан бөлек өзге де азық-түлік ала алатындай жағдай жасауымыз тиіс. Коммуналдық қызмет міндетті түрде қымбаттайды. Яғни әлеуметтік көмек пакетіне бұл қызмет түрін де төлеу мүмкіндігін қосқан абзал”, – дейді мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров.

Әділ Ормановтың материалынан аударылды.

Соңғы жаңалықтар