Қазақстанда бағаның өсуіне экономикалық алғышарт жоқ - премьер-министр - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бағаның өсуіне экономикалық алғышарт жоқ - премьер-министр

Қазақстанда бағаның өсуіне экономикалық алғышарт жоқ - премьер-министр

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - "Елімізде бағаның көтерілуіне қатысты алаңдаушылыққа ешқандай экономикалық алғышарт жоқ, еліміздегі жағдай тұрақты", -деді үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін үкіметте өткен селекторлық жиынды қорытындылай келе.

  • 22 Қазан 2007
  • 506
Фото - Caravan.kz

«Біз кез-келген қауіп-қатерді, кез-келген тауқыметті жеңе аламыз, барлық проблеманы шешуге дайынбыз», — деді ол.

Премьер-министр өңір әкімдеріне «алдағы мереке қарсаңында өңірлердегі азық-түлік базарларында азық-түлік өнімдері түрлерінің көп мөлшерде қоры сақталуын, кез-келген арандатушылық әректетерге жауап қатуға дайын болу қажеттігін» тапсырды.

«Ахуалды қадағалауда ұстау қажет, вице-премьер Өмірзақ Шүкеев басқарған оперативтік штаб өз жұмысын одан әрі жалғастыруда. Мен мереке алдында барлық әкімшіліктерге міндетті түрде телефон қоңырауын шалып, азық-түлік тауарлары нарығындағы ахуалға қатысты жайтты анықтайтын боламын», -деді Кәрім Мәсімов.

Ол сондай-ақ, Ұлттық банкке «екінші деңгейлі банктермен бірлесе отырып, алдағы мереке күндері банкоматтарда жеткілікті ақшаның болуын қадағалауды» тапсырды.

Сонымен бірге үкімет басшысы жергілікті атқарушы билік өкілдері «халыққа азық-түлік базарлары мен азық-түлік өнімдерінің бағасына қатысты ахуал жайлы нашар түсіндіруде», деп санайды.

«Облыстық әкімшіліктер мен мемлекеттік органдар жергілікті және орталық БАҚ-тар арқылы біздің саясатымызды халықтың назарына жеткізуі қажет», -деді үкімет басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті