"Бізде шамамен жарты миллион бала кезекте тұр. Соңғы жылдардағы, әсіресе ірі қалалардағы демографиялық өсім қарқыны бұл проблеманы өзектендіріп отыр”, деді министр Ақтөбеде жұмыс сапары барысында жұртшылықпен кездескен кезде.
"Сол себепті бұл салада түбегейлі шаралар қолдану керек. Бұл проблеманы шешу үшін 2015-2017 жылдары ұлттық қордың есебінен қосымша 36 бала-бақша салынады, сомасы 20 миллиард теңге. Соның арқасында алдағы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығы азаяды”, деді ол.
Мемлекеттік бюджетпен қатар бизнес-құрылымдардың да ресурстары пайдаланылмақ.
Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта мектепке дейінгі жүйеде 8,5 мыңнан аса ұйым бар, онда 700 мыңнан аса бала барады. Үш пен алты жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі тәрбиемен қамту деңгейі 77 пайызды құрап отыр