Қазақстанда балалар үшін арнайы гемофилияға қарсы вакцина енгізіледі -ДСМ - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда балалар үшін арнайы гемофилияға қарсы вакцина енгізіледі -ДСМ

Қазақстанда балалар үшін арнайы гемофилияға қарсы вакцина енгізіледі -ДСМ

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" -Қазақстанда 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап гемофилияға қарсы жаңа вакцина енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР мемлекеттің бас санитарлық дәрігері Анатолий Белоног мәлім етті деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Желтоқсан 2007
  • 640
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанда 2008 жылдан бастап үкіметтің қолдауымен гемофилиялық ауруға қарсы жаңа вакцина енгізіледі», — деп хабарлады ол. » 1- қаңтардан бастап біз егу кестесіне өзгерістер енгізіп, оған гемофилия вакцинасын кіргіземіз «, — деп хабарлады елдің бас санитарлық дәрігері.

«Бұл вакцина — бес жасқа дейінгі балалардың 60% дейін өлімге апаратын менингит, сепсис, септикалық артрит сияқты ауыр дерттердің алдын алады», — деп түсіндірді А. Белоног. «Вакцина біріктірілген. Бірінші егу арқылы КДС, Б вирустық гепатитке қарсы дәрі егіліп, екі жақтан тиімділігін береді», — деді ол.

«Ең бастысы біз жас нәрестелер мен балалардың өлімін төмендетеміз. Оған кепілдік береміз», — деді А. Белоног. «Әрине бұл шығынды іс, бірақ жұмыс жасалынатын болады «, — деп атап өтті ол.

А. Белоногтың айтуынша, бүгінде бұл вакцина 114 елде пайдаланылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті