С. Ахметов, бүгінде республикамыздың көлік саласын күрделі міндеттер күтіп тұр, деп атап өтті. «Бұл — көлік инфрақұрылымының бәсекелестікке қабілеттілігін және оның сапалық жаңаша деңгейге көтерілуін, аталмыш саланы еліміздің геостратегиялық ресурстарынан ең жоғары деңгейде пайда таба алатын экономиканың дербес даму нүктесіне айналдыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ, отандық өнімнің өзіндік құнының құрамындағы транспорттық көрсеткішті төмендету», — деп атап көрсетті көлік мекемесінің басшысы.
Министрдің айтуынша, бұл міндеттерді орындауда 30 млрд АҚШ долларына бағаланған 80-нен астам ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған.
«Үстіміздегі жылы 125 млн теңгеге бірқатар жобаларға қатысты байқау процедурасы аяқталып, алдағы екі жылға орташа мерзімді концессиялық жобалар тізімі бекітіледі, олардың құны 296 млрд теңгені құрайды»,- деп атап көрсетті С. Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті