Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС алдағы көктемгі мерекелер қарсаңында «Көктемгі жылулық» акциясын бастағандығын хабарлады.
«12 сәуірден бастап «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС желісінде көктемгі кезеңде 4 теңгеге төмендеген және литріне 159 теңгені құрайды. АИ-92 бензині мұнай өнімінің ең танымал түрі болып табылады және компанияда аталған қадамды барлық қазақстандық автоәуесқойлар бағалайды деп үміттенеді», — делінген компанияның хабарламасында.
Айта кетейік, бүгінде «ҚазМұнайГаз» ЖМҚС бөлшек сауда желісі 340-тан астам жанар-жағар май құю станцияларын қамтиды, олар қалаларда, республикалық маңыздағы негізгі тас жолдарда, сондай-ақ Қазақстаннның шалғай ауылдық аудандарында орналасқан.
Естеріңізге сала кетейік, кеше ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында бензин бағасы түсуі мүмкін деген болатын.
Оқи отырыңыз:
Қазақстан үшін латын әліпбиіне көшу теңдессіз оқиға – Назарбаев
Баланың мәйіті қоштаспақ болған әкесінің қолын жібермей қойды