Қазақстанда бір аптада есірткіге қатысты 170 астам қылмыстың беті ашылды - ІІМ
Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда бір аптада есірткіге қатысты 173, соның ішінде есірткі сатуға қатысты 47 деректің беті ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ ақпапат және бұқарамен байланыс орталығының хабарламасына сілтеме жасап. |
Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 5 қыркүйекте Алматы қалалық ІІД есірткімен күрес басқармасының қызметкерлері Алматы-1 станциясында Өзбекстан азаматын ұстады, оның қолында Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өткені туралы көші-қон карточкасы, кедендік декларациясы мен Алматы - Новосибирск бағытындағы пойызға алған билеті болған. "Көршілес елдің азаматы мемлекеттік шекарадан Сарыағаш маңында жаяу өтіп, Алматыға дейін автобуспен жеткен. Оның заттарын тінту кезінде кептірілген жемістердің ішінен 1 килограмм 185,5 грамм героин салынып, жапсырылған полиэтилен дорба шыққан".
Сондай-ақ, 28 - 30 тамызда Қырғызстанның үш азаматы Қырғызстанға 5,5 килограмм героинді, 1 килограмнан астам марихуананы Қырғызстаннан Қазақстанға өткізбек болған жерінен ұсталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін