Қазақстанда біртіндеп жылжымайтын мүлікке біртұтас салық енгізілетін болады - Кәрім Мәсімов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда біртіндеп жылжымайтын мүлікке біртұтас салық енгізілетін болады - Кәрім Мәсімов

Қазақстанда біртіндеп жылжымайтын мүлікке біртұтас салық енгізілетін болады - Кәрім Мәсімов

Астана. 30 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда біртіндеп жылжымайтын мүлікке жер және мүлік салығын біріктірген біртұтас салық енгізілетін болады. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Қаржы министрлігінде өткен кеңесте мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 30 Шiлде 2008
  • 500
Фото - Caravan.kz

«Салық кодексінің жобасын жасау жөніндегі жұмыс тобы жер салығы мен мүлік салығын жылжымайтын мүлікке салынатын біртұтас салыққа біріктіруді ұсынғанын білемін. Мен оны дұрыс деп санаймын. Біз осыған қарай жылжуға тиіспіз. Бірақ қазір бізде жылжымайтын мүліктің кадастрымен біріктірілген жер кадастры жоқ болғандықтан, ондай техникалық мүмкіндік жоқ. Сол себепті мен осындай мәселелерді шешіп, халықаралық тәжірибеге сай біріктіруді мақсат етіп қоямын. Бірақ ол үшін біз жер кадастрын жасауды аяқтап, жылжымайтын мүлікті бағалаудың тиімді тетігін енгізуіміз, немесе, салық салу мақсатында жылжымайтын мүлікті бағалаудың айқын тетігін жасауымыз қажет», — деді Кәрім Мәсімов.

«Мен Экономика, Қаржы, Әділет және басқа да мүдделі министрліктерге ағымдағы жылдың аяғына дейін тиісті ұсыныстарды енгізуді тапсырамын», — деді ол.

«Жер мен жылжымайтын мүлікке қатысты осындай түйткілдерден бізде көптеген тауқыметтер туындайды. Бұл біздің одан әрі дамуымыз үшін шешуші мәселе», -деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті