Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 465.74
  • 531.08
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды

Қазақстан үкіметі бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын құру туралы қаулы қабылдады.
           Нормативті құқықтық актілердің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтында жария етілген қаулыға қарағанда, Қазақстан Ұлттық банкіне тиесілі "МЖЗҚ" акцияларының мемлекеттік пакеті қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру комитетіне өтеді.
           Қаулыға сәйкес, МЖЗҚ коммерциялық емес БЖЗҚ акционерлік қоғамы деп аталатын болады.
           Мемлекеттік мүлік комитетіне, сондай-ақ Халық банкі ЖЗҚ, "Грантум" ЖЗҚ, "Ұлар Үміт" ЖЗҚ акцияларын мемлекет меншігіне қабылдау және оны БЖЗҚ беру жөніндегі шаралар жоспарын мақұлдау тапсырылған.
           Үкіметтің БЖЗҚ құру туралы қаулысы 31-шілде күні бекітілген және қол қойылған күннен бастап күшіне енгізілген.
           Алдында хабарланғандай, қазақстандықтардың зейтнекерлік ақшалары БЖЗҚ 2013 жылдың 1-шілдесіне дейін аудырылуға тиіс.
           Қазақстан Ұлттық банкісінің қаржылық қадағалау комитетінің деректеріне қарағанда, 2013 жылдың 1-шілдесіне қарағанда зейнеткерлік активтер 3 трлн 407 млрд теңгені құрады. Міндетті зейнеткерлік жарналар бойынша ғана дербес есеп-шоттардың саны 8 млн 471,216 мыңды құрап отыр.
           "МЖЗҚ" зейнеткерлік активтері 2013 жылдың 1-шілдесіне қарағанда 700 млрд теңгеден асқан, салымшылардың саны 2 090 585 адамды құрады.

  • 8 Тамыз 2013
  • 702
Фото - Caravan.kz